Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Тұрақты даму

Тұрақты даму


«КазАзот» АҚ тұрақты даму туралы алғашқы есебін жариялайды

«КазАзот» АҚ химиялық тыңайтқыштарды өндіруші ретінде қоршаған орта мен жалпы қоғам алдындағы өзінің орасан зор жауапкершілігін сезінеді. Біздің мақсатымыз – ауылшаруашылық өнімдерінің шығымдылығы мен сапасын арттыру үшін инновациялық өнімдерді жасау ғана емес, сондай-ақ сол өнімдерді тұрақтылық, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сәйкес жасау.

 

Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап «КазАзот» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму саласындағы халықаралық бастама болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылды.

 

Осы бастама аясында «КазАзот» АҚ 2022 жылдың соңындағы Компанияның экологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы жұмысының нәтижелерін көрсететін, сондай-ақ бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін басқару тәсілдерін сипаттайтын тұрақты даму туралы алғашқы есебін ұсынады.

 

«Біз барлық мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу және тұрақты даму қағидаттарын ұстану компанияның қазіргі жағдайда табысты жұмыс істеуінің ажырамас бөлігі деп санаймыз. Тұрақты даму туралы есепті дайындау біз үшін ұзақ мерзімді перспективада жауапты және тұрақты дамуға деген міндеттемемізді көрсететін маңызды қадам болды. Біз өз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз, әрі алдымызға қойған мақсаттар бізді шабыттандырады», - «КазАзот» АҚ бас директоры Арман Ахметжанович Маулешев.

 

Тұрақты даму туралы есеппен мына сілтеме арқылы танысуға болады.