Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз


«КазАзот» АҚ жұмысшылары біздің басты активіміз болып табылады.  Бүгінгі таңда  компанияның жұмысшыларының жалпы саны 1200 адамнан астам.

Компанияның кадр саясаты кадр әлеуетін нығайтуға, персоналдың толыққанды дамуына жағдайлар жасау және ықпалдандырудың тиімді жүйесін құруға бағытталған.
Компанияның кадр саясатының мәселелері:
  • Кадрлық әлеуетті нығайту және дамыту, соның ішінде, еңбек ресурстарын тиімді жоспарлау есебінен;
  • Еңбек тиімділігін және сапасын ықпалдандыру жүйесін жүзеге асыру есебінен көтеру;
  • Персоналдың максималды дамуына, біліктілігін көтеруге, оның қабілеттіліктерін жетілдіру үшін жағдай жасау;
  • Әлеуметтік-еңбек қатынастарын тиімді реттеу.
 
     
 
«КазАзот» АҚ өзінің барлық жұмысшыларына лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге тырысады. Бұл еңбек заңнамасының нормаларын сақтаумен, олардың мүдделерін және құқықтарын сақтаумен, жұмыс орындарындағы  қауіпсздікті қамтамасыз етуімен және кәсіби өсу үшін тең мүмкіндіктерді жасаумен қол жеткізіледі. 
Кадрлық ресурстарды дамыту мақсатында  бос орындар жәрмеңкесі арқылы жоғары білім беру мекемелерінің түлектерін тартуға ерекше көңіл бөлінеді, кәсіпорындағы өндірістік тәжірибесінің қорытындылары бойынша университеттермен бірлесіп, мемлекеттік аттестаттау комиссияларында бейінді мамандықтары бойынша үздік түлектері іріктілеп алынады.

Жергілікті атқарушы органдарымен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімдерімен көп жылғы ынтымақтастық тәжірибесі, «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысу жұмыспен қамту саласындағы жағдайды бақылауда ұстауға және жергілікті тұрғындарды компанияда жұмыс істеуге тартуға бірден бір көмегін тигізеді.    

Білім беру мекемелерімен келісім-шарттар аясында  студенттер үшін өндірістік тәжірибесі, жастар тәжірибесі ұйымдастырылады, аталмыш шаралары барысында компанияда жұмыс істеу үшін  болашақ жұмысшылар іріктеледі.
 
     

Мамандарды бірлесіп даярлау саласында бастауыш, орта, жоғары бейінді білім беру мекемелерімен тығыз ынтымақтастық  қалыптастырылған.

Тәлімгерлік жүйесі  ұжымда бейімделуге және жұмысқа  орналасқан кезде білікті көмек алуға септігін  тигізеді. 

Кәсіпорында жұмысшылар өндірістен қол үзбей сабақтас мамандық алуға, өндірістік-техникалық курстар базасында кәсіби дайындығын көтеруге барлық мүмкіндіктері бар. 

Өндірістік персоналды іріктеу барысындағы негізгі критерийі болып Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеумееттік қорғау Министрлігінің бұйрығымен бекітілген жұмыстар және мамандықтар бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасында, біліктілік анықтамасында баяндалған тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес үміткердің бос лауазымдық біліктілік талаптарына сәйкестілігі табылады.  Келіп түскен түйіндемелер анықталған бос лауазымдық талаптарына сәйкестілік нысаны бойынша қарастырылады.