Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Өндіріс Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау

Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау


Қоршаған ортаны қолайлы жағдайда сақтау «КазАзот» АҚ стратегиялық мақсаты болып табылады.

Сәйкестік сертификаты:

KZ.Q.09.0533.С23.03669 кз (1)_page-0001

 


Алдына қойылған мақсатқа жету үшін компания басшылығы өзіне келесідей міндеттемелерді қабылдайды:

           табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, ауа айдынының ластануына, сарқылуына және су, жер ресурстарының ластануына әкеліп соғатын қоршаған ортаға тиетін әсерді;

           қоршаған ортаның мониторинг жүйесін жақсарту;

           барлық қол жетімді техникалық және әкімшілік тәсілдерімен экологиялық және өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

           қолайсыз экологиялық әсерді төмендетуге және болдырмауға тырысу;

           кәсіпорынның қоршаған ортаға келтіретін әсерінің көрсеткіштерін және дәрежесін бағалау үшін тұрақты мониторинг жүргізу; 

           персоналдың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.


"КазАзот" АҚ компаниясы өз қызметінде  қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең жоғары стандарттарын басшылыққа алады және  Экологиялық заңнамасына сәйкес  қолында  барлық қажетті нормативтік-техникалық және рұқсатнамалық құжаттары бар.


Қоғамның алдындағы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану  және қолайлы экологиялық ахуалды сақтау үшін жауапкершілікті саналы түрде қабылдау Компанияның  күнделікті  жұмысындағы және жобаларды жүзеге асыру барысындағы негізгі артықшылықтардың бірі болып табылады.

2009 жылғы 26 наурызда  Қазақстан әлемдік климатқа антропогендік әсерін қысқарту  шараларын ықпалдандыруға бағытталған климаттың өзгеруі туралы  БҰҰ Жиектемелік конвенциясының  Киот хаттамасын ратификациялады. Компания Киот хаттамасының қатысушыларымен қабылданған парник газдарының шығарындыларын реттеу сұрақтары бөлігіндегі іс-шараларды талдауға және жүзеге асыруға белсенділік танытуда және парник газдарының (ПГ) шығарындыларын қысқарту жөніндегі міндеттемелерді орындауға тырысады.  «КазАзот» АҚ  парник газдарын үлестемелеу субъектісі болып табылады және 2018-2020 жылдарға  парник газдарының шығарындыларына үлестерді бөлу Ұлттық жоспарына енгізілген.


          

 


Компания Қазақстан Республикасының Заңнамасына сай мүдделерді қорғау  және  үшінші тұлғалардың  өміріне, денсаулығына, мүлкіне және/немесе апаттық ластанудың нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу мақсатында Міндетті экологиялық сақтандыруды жүзеге асырады.
Қоғамның қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі мақсаттары болып келеңсіз әсерлерді  төмендетуге  және нормативтік-техникалық құжаттамасын, сақтауға бағытталып жасақталатын іс-шаралар кешені табылады, мысалы, өндірістік нысандарындағы экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрақты өндірістік экологиялық бақылаумен қол жеткізіледі, мониторинг келесі бағыттары бойынша жүргізіледі:


           атмосфералық ауа;
           нормативтік-таза ағындары;
           топырақ және өсімдік;
           қалдықтармен жұмыс істеу.


Мониторинг Сынау орталығының өзіндік меншікті күштерімен (4.05.2015жылғы №KZ.И.13.0748  Аккредитациялау аттестаты  27.04.2017 ж. күніне өзгертулерімен) және  келісім-шарт негізіндегі тыс аккредиттелген зертханасымен орындалады.


Қоршаған ортаның сапасының неғұрнлым жоғары стандарттарына қол жеткізу және келеңсіз әсерлерін қысқарту мақсатында  келесідей жұмыстары жүзеге асырылуда, яғни:

           жаңа озық технологияларын енгізу, жабдықты жаңғырту, және технологиялық үдерістерін басқаруды автоматизациялау  деңгейін көтеру;

           жер ресурстарын қорғау және сақтау, ластаушы заттардың топыраққа және жерасты суларына түсуіне технологиялық жабдықтың химиялық сақталуын уақытында жаңғырту арқылы жол бермеу;

           табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, судың жоғалтуларын есепке алу түйіндерін жаңғырту арқылы азайту; 

           ауа бассейнін қорғау, катализаторларды уақытында алмастыру есебінен шығарындылар деңгейін төмендету және тазарту құрастырылымдарды тексеру жұмыстары.