Өндіріс
Біздің газ кенорны
Біздің газ кенорныБіздің газ кенорны
Шағырлы-Шөмішті газ кен орны 1959 жылы 350 м тереңдіктен эоцен шөгінділерінен 57-барлау ұңғымасынан карталау бұрғылау үдерісі барысында газ құйылуы алынған, бұл өз кезегінде осы аталмыш алаңында геологиялық барлау жұмыстарын қалыптастыруға негіз болып табылды. Шағырлы-Шөмішті кен орны Солтүстік-Үстірт бүгілуінің солтүстік жиегінің шектерінде орналасқан. Әкімшілік бөлінуі бойынша ол Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданына жатады. Ақтау қаласы, облыс орталығы, оңтүстік-батысқа қарай 450 км қашықтықта орналасқан. «Шағырлы-Шөмішті» филиалының қызметінің негізгі түрі болып экономикалық қызметінің түрлерінің жалпы топтастырылуына сәйкес келетін көмірсутектік шикі зат (табиғи газ) өндірісі табылады. Табиғи газ «КазАзот» АҚ өнімі өндірісіндегі негізгі шикі заты ретінде пайдаланылады. Өндірілген газ ұңғымалардан кіру манифольдтарына және еханикалық қоспалардан және сұйықтықтан тазартылатын газ сепараторлары арқылы келіп түседі. Кейін газ шығу манифольдтары арқылы құбырлы компрессорлық агрегаттың (ҚКА) кіру коллекторына келіп түседі. Орталық сығу компрессорлық стансасында (ОСКС) 4 бірлік ҚКА орнатылған. ҚКА газ компримделеді және технологиялық қондырғылары арқылы технологиялық құбырлардың бойымен магистралдық газ құбырына келіп түседі. В точке врезки с «ИЦА» АҚ «САЦ» ГК Филиалдың газды есепке алудың коммерциялық түйіні (ГЕКТ) бар, бұл жерде тасымалданатын газдың есепке алынуы жүзеге асырылады. Газды тасымалдау Æ530х8мм жалғау газ құбыры арқылы «Бейнеу» КС 389,5 км қосу нүктесінде «Орта Азия-Орталық» газ тасымалдау жүйесіне және «Окарем-Бейнеу» газ құбырының бойымен Ақтау қаласына дейін «КазАзот» АҚ қажеттілігіне беріледі. 2017 жылға кен орнының ілгерілемелік жоспарымен жасақтаудың газ өндірісінің деңгейінің жылына 1 млрд.м3 астам жетуімен өндірістік бағдарламасы қалыптастырылған. Кен орнының нысандары әр қайсысының қуаттылығы 1 МВт құрайтын қолда бар 4 бірлік газ поршеньді электр стансаларымен (ГПЭС) қамтамасыз етілетін электр қуатымен қамтылады. Бүгінгі таңда ГЕКТ «Магистраль» режимінде 3 бірлік құбыр компрессорлық агрегаттары (ҚКА) жұмыс істейді және ГСП-1, ГСП-2, ГСП-3, ГСП-4 табиғи газдың өнеркәсіптік өндірісі жүргізілуде.
|