Наурыз мейрамы құтты болсын!Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңеліп, табиғат ананың оянып, жаңаратын шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтетін, жарқын болашаққа үмітпен жетелейтін ұлы мереке. Жаңа жылда жаңа армандарға, жаңа бастауларға ниет ету, жаңа жоспарлар құру жақсылықтың нышаны. 20.03.2020 Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз орталығы |