Құрметті ханымдар!Құрметті ханымдар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау жүрекжарды тілегімізді қабыл алыңыздар! 8-Наурыз мерекесі – Сіздердің сұлулығыңызға таңданып, ақылыңызға тәнті болып, алғыс білдіруге тағы бір тамаша себеп. Сіздер жұмыста өзіңіздің кәсіби міндеттеріңізді абыроймен атқарасыздар, әйел затына тән нәзіктігіңізді сақтай отырып, үнемі сенімді әрекет етесіздер. Біз Сіздерге өздеріңізге, сүйікті істеріңізге уақыт тауып, жарқын өмір сүруіңізге тілектеспіз. Сіздерді әрдайым жақын адамдарыңыз шырайлы ықыласымен және қамқорлығымен, жылы сөзімен және ісімен қуантсын. Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, жақсы көңіл-күй, отбасылық бақыт және барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз! «КазАзот» АҚ бас директоры Маулешев А.А. 07.03.2019 Источник: "КазАзот" АҚ Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз орталығы |