«КазАзот» «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды2023 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласында «Алтын сапа» президенттік сыйлығын беру рәсімі өтті, онда «КазАзот» компаниясы ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Қазақстандағы ең үздік өнеркәсіптік мақсаттағы кәсіпорын болып танылды.
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін салтанатты марапаттау рәсіміне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «КазАзот» компаниясының тамаша жетістіктерін атап өтіп, Қоғамның Бас директоры Арман Маулешевке көптен күткен статуэтканы табыстады.
Президенттік «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын еліміздегі үздік кәсіпорындарға беріліп келеді, бұл көрсетілетін қызметтер мен өндірілген өнімдердің жоғары сапасының белгісі болып табылады. «КазАзот» акционерлік қоғамы республикадағы аммиак селитрасы мен аммиактың жалғыз өндірушісі бола отырып, өңдеу өнеркәсібінің құрылымында ерекше орын алады. Компанияның миссиясы – ауыл шаруашылығы және тау-кен саласының дамуы мен тұрақтылығы үшін бәсекеге қабілетті өнім жасау. Мемлекет басшысы атап өткендей, ауыл шаруашылығы саласы – «елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық маңызды саласы».
«КазАзот» компаниясы 2012 жылы Президент сыйлығын жеңімпазы атанған. Содан бері кәсіпорында өндірістік цехтар ауқымды жаңғыртудан өтті. Қазіргі уақытта «КазАзот» жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғыртуға инвестиция салуды жалғастыруда және жаңа аммиак-карбамид кешенінің құрылысын белсенді түрде жоспарлап, технологиялық дамуға және саладағы көшбасшылығын нығайта түсуге тұрақты ынталылығын көрсетіп отыр. 13.12.2023 |