«ҚАЗАЗОТ» ХАЛЫҚТЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІҚазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Маңғыстау облысы басшылығының электр энергиясын тұтынуды шектеу туралы бұйрығына байланысты «ҚазАзот» акционерлік қоғамы халықты қолдау мақсатында өндірісін тоқтатып, электр энергиясын береді.
Өңірдегі электр энергиясының қазіргі тапшылығын ескерген «ҚазАзот» басшылығы электр қуатын тұрмыстық тұтынушыларға бағыттау туралы шешім қабылдады. Қазір «ҚазАзот» АҚ стансасы желіге 24 МВт/сағ электр энергиясын өндіруде. Өндіріс толық тоқтатылғаннан кейін электр энергиясын желіге шығару 29÷30 МВт/сағ дейін артады.
Өндірісті тоқтату кезең-кезеңімен орындалады. Кеше, 13 тамызда зауытта кешенді минералды тыңайтқыштар цехының жұмысын тоқтату басталды. Бүгін түнде, 14 тамызда күрделі минералды тыңайтқыштар зауыты, әлсіз азот қышқылы цехы және аммиак өндірісі тоқтатылады. 14.08.2023 |