KazIndustry делегациясы «КазАзотқа» келіп кетті26 шілде күні «КазАзот» зауытына Қазақстан Республикасы Индустрия және инновациялық даму министрлігінің, «KazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ның және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның ведомствоаралық делегациясы келіп кетті.
Жұмыс тобының өкілдері сапар барысында «КазАзот» зауытының өндірістік процестерімен және жаңа аммиак-карбамид зауытының жобасымен танысты.
Еске салайық, 30 маусымда «КазАзот» АҚ басшылығы Қазақстан Республикасының Индустрия және инновациялық даму министрі Марат Карабаевқа жаңа аммиак-карбамид кешенінің жобасын таныстырды.
Ведомствоаралық делегация өкілдері өз сапарымен жаңа жобаға белсенді түрде көмектесуге дайын екендіктерін растады. 26.07.2023 |