Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар «КазАзот» жаңа зауыттың жобасын таныстырды

«КазАзот» жаңа зауыттың жобасын таныстырды

30 маусымда «КазАзот» акционерлік қоғамының басшылығы Қазақстан Республикасының Индустрия және инновациялық даму министрі Карабаев Маратқа жаңа аммиак-карбамид кешенінің жобасын таныстырды. Қазақстан Республикасы ИжИДМ басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «КазАзот» АҚ зауытында болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Министрдің сапары барысында Компания басшылығы жалпы инвестиция көлемі 1 миллиард долларға жуық аммиак-карбамид кешенінің жобасын таныстырды. Зауыт Маңғыстау облысындағы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналасады. Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі - 2026 жылдың 4 тоқсаны.

 «КазАзот» АҚ бас директоры Арман Маулешев бұл жобаның артықшылығы туралы айтып берді:

- Жоба Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін, өнеркәсіптік және экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған Компания стратегиясының маңызды элементі болып табылады. Бүгінде «КазАзот» зауыты жылына 400 мың тонна аммиак селитрасын шығарады. Жаңа қуаттарды іске қосқаннан кейін кәсіпорын Қазақстан Республикасындағы минералды тыңайтқыштар өндіретін ең ірі кешені болуға уәде беріп отыр. Карбамид және аммиак селитрасын қоса алғанда, өндірістің жалпы көлемі жылына шамамен 1,5 млн тоннаны құрайтын болады, бұл отандық аграрлар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың жоғары сапалы азот тыңайтқыштарына деген сұранысын толық қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл экспорттық өнім көлемін арттырып, Компанияның халықаралық нарықтағы орнын нығайтады, – деп түсіндірді кәсіпорын басшысы Арман Маулешев.

Бұл жобаны жүзеге асыру өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады. Зауыт құрылысы кезінде 1,5 мың уақытша жұмысшы тартылады. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін 700 тұрақты жұмыс орны жоспарлануда.

23.06.2023