Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Салтанатты шара 26 мамырда зауыт басқармасының акт залында өтті.
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Қарағаев Жұмабай Ғаббасұлы еңбеккерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, жалпы экономиканы дамытуға қосқан өлшеусіз үлестерін атап өтті.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан Қоғам жұмысшыларының өнімді еңбектері елеусіз қалған емес. Жұмысшылар арасында еселі еңбегімен көзге түскен бірқатар азаматтарға төсбелгі тағылып, Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаттар және құрмет грамоталар табыс етілді.

Салтанатты шара барысында үздік мамандар «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгілермен марапатталып, сый-құрмет көрсетілді. Үздіктер арасында: Ахметжанов Ерсабыр, Токсанов Нурлан, Чахальян Фатыма, Иванова Елена, Тулегенова Дина, Утебаев Бек, Иванов Николай , Бисембаев Серик , Аренжанов Азамат , Моргунов Виталий.

Айтулы мерекеде химия саласында ұзақ жылдар елеулі еңбек еткен ардагерлер де ардақталды. Куксин Юрий Михайлович және Сембіғалиев Жарылғап Дауылбаевич «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

26.05.2023