Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар «KazAzot Prime» ЖШС Técnicas Reunidas-пен келісімшартқа қол қойды

«KazAzot Prime» ЖШС Técnicas Reunidas-пен келісімшартқа қол қойды

Лондон, 19 қаңтар - «KazAzot Prime» ЖШС Técnicas Reunidas S.A. компаниясымен жаңа аммиак-карбамидті кешенін жобалау және құрылысын салу туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Заманауи жоғары технологиялы кешеннің құрылысын салу тендеріне Técnicas Reunidas, Marubeni, Сasale, Maire Tecnimont, MAVEG, Samsung және т.б. сияқты жетекші халықаралық компаниялар қатысты. «КазАзот» компаниясы жеңімпаз ретінде испандық Tecnicas Reunidas компаниясын таңдап алды.

Құны 16,75 миллион еуро тұратын келісімшарт бойынша Técnicas Reunidas базалық жобаны 12 ай ішінде жүзеге асырады. 1 кезең аяқталғаннан кейін, шетелдік мамандар EPC келісімімен жұмысын жалғастыратын болады. Оған сәйкес, испандық компания жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, құрылыс-монтаж жұмыстарын бақылауды, персоналды оқытуды және іске қосу-реттеу жұмыстарын қамтамасыз етеді.

Жалпы инвестиция көлемі 1 миллиард долларға жуық болатын аммиак-карбамидті кешені Маңғыстау облысындағы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналастырылатын болад. Зауыттың осы жерде орналасуы АЭА аумағындағы басым қызметтің түрі химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі екендігімен түсіндіріледі. Құрылысты аяқтаудың жоспарланған мерзімі - 2026 жылғы 4-тоқсан.

Жоба Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін, өндірістік және экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған Компания стратегиясының маңызды элементіне айналады. Бүгінгі таңда «КазАзот» зауыты жылына 400 мың тонна аммиак селитрасын шығарады. Жаңа қуаттарды пайдалануға бергеннен кейін кәсіпорын Қазақстан Республикасындағы минералды тыңайтқыштарды өндіру бойынша ең ірі кешенге айналады. Карбамид пен аммиак селитрасын қосқанда, өнімнің жалпы көлемі жылына шамамен 1,5 млн. тоннаны құрайтын болады, бұл отандық аграрлықтардың және өнеркәсіптік кәсіпорындардың азотты тыңайтқыштарға деген қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырмақ. Сондай-ақ, бұл экспорттық өнімдер көлемін ұлғайтады және компанияның халықаралық нарықтағы орнын нығайта түспек.

Бұл жобаны іске асыру аймақта жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Зауыттың құрылысы кезінде 1,5 мың уақытша жұмысшы тарлатын болады. Жобаны іске асырғаннан кейін 800 тұрақты жұмыс орны жоспарланған. Сонымен бірге, жаңа зауыт байланысты салалар үшін білікті кадрларды дайындау ошағы болмақ.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қоғамның күнделікті жұмыстағы және жобаларды жүзеге асырудағы басты басымдықтарының бірі болып табылады. Ең үздік қол жетімді технологияларды қолдану қоршаған ортаға теріс әсерді жояды. Өндірістік циклде, қайта падаланылуы бар, қалыптасушы қалдықтарды тазартудың ағынсыз жүйесін ұйымдастыру жоспарлануда.

Анықтама үшін:

«KazAzot Prime» Қазақстан Республикасындағы азотты минералды тыңайтқыштар өндіру бойынша Қазақстан Республикасындағы ең ірі кәсіпорын болып табылатын «КазАзот» АҚ-ның компаниялар Тобының құрамына кіреді. Кәсіпорын Маңғыстау облысында Ақтау қаласында орналасқан.

2012-2014 жылдары, үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорын цехтарды жаңғыртуды жүзеге асырды. Негізгі шикізат - бұл табиғи газ. «КазАзот» АҚ табиғи газды «Шағырлы-Шөмішті» жеке газ кен орнынан алады. «КазАзот» электр энергиясын жалпы тұтынуының 75%-ын 2018 жылы салынып, пайдалануға берілген жеке газ-поршенді 38,9 МВт-тық электрстанциясының күшімен өндіреді.

Өнімді сату нарығы: Қазақстан, ЕО елдері, ТМД, Азия. Қазақстандағы негізгі тұтынушылары - ауылшаруашылық тауар өндірушілер.

Técnicas Reunidas S.A. – экологиялық таза отын және мұнай-химия өнімдерін өндіруге арналған инженерлік жобаларды, өндірістік құрылғыларды әзірлеу, табиғи газды өндіру және қайта өңдеу, сонымен қатар «жасыл сутегі», СО2-ның секвестрациясы және оны аулау, биоотын, қалдықтардың регенерациясы және т.б. сияқты көміртек шығарындыларының деңгейі төмен инженерлік технологияларды ілгерілетуді іске асырушы халықаралық жетекші компания болып табылады.

23.01.2023

Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі