Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар «КазАзот» АҚ тұтынушыларына арналған жеңілдіктер жүйесі

«КазАзот» АҚ тұтынушыларына арналған жеңілдіктер жүйесі

Осы арқылы «КазАзот» АҚ өндіретін аммиак селитрасын сатып алушыларға жеңілдіктер жүйесінің бар екендігі туралы хабарлаймыз.

 

«КазАзот» АҚ өндіретін аммиак селитрасын сатып алуға жеңілдіктер жүйесі тұтынушылардың келесі санаттары үшін қолданылады:

  1. Субсидиялау бағдарламасы бойынша аммиак селитрасын сатып алатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (бұдан әрі – АШТӨ);
  2. Өнеркәсіптік компаниялар.

Әр санат үшін бөлек жеңілдіктер жүйесі әрекет етеді.

 

  1. АШТӨ

Субсидиялау бағдарламасы бойынша аммиак селитрасын сатып алатын АШТӨ аммиак селитрасын сатудың жалпы көлемінің 35%-дан астамын құрайды.

Субсидиялау бағдарламасы бойынша аммиак селитрасын сатып алатын АШТӨ әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тікелей оларға тәуелді болатын әлеуметтік маңызы бар санатқа жататындықтан, оларға әртүрлі мемлекеттік қолдау шаралары қолданылады.

Минералды тыңайтқыштарды, атап айтқанда аммиак селитрасын сатып алған жағдайда мемлекет отандық өндірушінің («КазАзот» АҚ) тауарының бекітілген құнынан ҚҚС-сыз құнының 50%-ын субсидиялайды.

«КазАзот» АҚ мемлекеттік қолдау шараларымен қатар мемлекет пен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін өзінің әлеуметтік маңыздылығын сезіне отырып, зауыттан алынатын аммиак селитрасының бекітілген құнына қосымша жеңілдік береді.

АШТӨ үшін 1 тонна аммиак селитрасының құны 1 жылға бекітіледі және зауыттан жалпы бекітілген құнның 20% көлемде жеңілдікті қамтиды және аммиак селитрасын «КазАзот» зауытынан тұтынушының темір жол станциясына дейін жеткізуге байланысты шығындарын қамтиды.

 

  1. Өнеркәсіптік компаниялар

Еліміз бойынша әлеуметтік маңызы бар ірі өнеркәсіптік компаниялар аммиак селитрасын сатып алуға жалпы алғанда келесі шарттарды сақтай отырып, 10% жеңілдікке ие бола алады:

  • Компания отандық өндіруші болып табылса;
  • Аммоний селитрасын тек өз өндірісінде немесе меншікті кен орнында пайдаланса;
  • Компания мыналармен айналысатын болса:

- бұрғылау және жару жұмыстары;

- және/немесе тау-кен жұмыстары;

- және/немесе уран өндіру;

- және/немесе пайдалы қазбаларды өндіру.

  • «КазАзот» АҚ өндіретін аммиак селитрасын сатып алудың жылдық көлемі 20 мың тоннадан астам болса;
  • «КазАзот» АҚ шығаратын аммиак селитрасын кемінде 3 жыл бойы үздіксіз сатып алып отырса;
  • «КазАзот» АҚ алдында мерзімі өткен берешегі болмаса;
  • «КазАзот» АҚ-мен сот істері болмаса.

11.01.2023

Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі