Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар «КазАзот» АҚ мен «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА қол қойды

«КазАзот» АҚ мен «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА қол қойды

29 қараша, Ақтау – 2022 жылғы 29 қарашада «КазАзот» акционерлік қоғамы мен «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ арасында кездесу өтті, оның барысында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Аталған келісімге «КазАзот» АҚ атынан Бас директор Маулешев Арман Ахметжанович, «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ атынан  Басқарма Төрағасы Кабашев Асхат Тлеубекович қол қойды.

Меморандумның мәні Маңғыстау облысындағы АЭА аумағында аммиак-карбамид кешенін салу болып табылады. Жоба аммиакты - жылына 660 мың тонна; азот қышқылын – жылына 395 мың тонна; карбамидті – жылына 577 мың тонна; аммиак селитрасын – жылына 500 мың тонна өндіруді қамтиды.

Бұл құжат еркін экономикалық аймақта жер учаскесін беруді және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы қолданыстағы заңнамасында көзделген инвестициялық преференциялар мен жеңілдіктерді алуға жәрдемдесуді көздейді.

«Бүгінгі күн отандық өнеркәсіп тарихында ерекше болып қалады», - деді «КазАзот» АҚ Бас директоры Арман Маулешев.

Өз кезегінде Басқарма Төрағасы Асхат Кабашев Маңғыстау облысында өндірісті дамыту мен инвестиция тартудың маңыздылығын атап өтті.

30.11.2022

Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі