“Табиғатта қоқыс жоқ” акциясы2022 жылғы 8 қазанда «КазАзот» қызметкерлері Мемлекет басшысы бастамашылық еткен жалпыұлттық акцияға қатысты. «Табиғатта қоқыс жоқ!» – деген ұранмен «КазАзот» қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке шықты. Жалпықалалық сенбілік қаланың барлық аумағын қамтыды, акцияға қатысушылар өз қалауынша кез келген учаскені таңдай алды. «КазАзот» қызметкерлері 20-шы шағын ауданның игерілмей жатқан аумақтарын қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Барлық қатысушыларға сенбілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар берілді. Нәтижесінде «КазАзот» қызметкерлері салмағы 4 тоннадан асатын 40 қаптан астам қоқыс жинап, полигонға жеткізді. «КазАзот» АҚ экологы АСҚАР АЙТҚҰЛОВТЫҢ айтуынша, «Табиғатта қоқыс жоқ!» акциясы табиғатқа саналы, ұқыпты қатынасты қалыптастыруға бағытталған. 08.10.2022 Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі |