Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар «КазАзот» АҚ ҒЗТКЖ субъектілерінің аккредиттеуіннен өтті

«КазАзот» АҚ ҒЗТКЖ субъектілерінің аккредиттеуіннен өтті

«Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табысының  1%-ын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) бөлуге міндетті,  осылайша өз қажеттіліктері үшін де, өнеркәсіптің басқа салаларындағы ҒЗТКЖ-ын ынталандыруға мүмкіндік алады.

ҒЗТКЖ-ны ынталандыру жөніндегі мемлекеттік бастаманы іске асыру шеңберінде «КазАзот» акционерлік қоғамы ғылыми қызмет және/немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде 5 жыл мерзімге аккредиттеледі. Куәлік мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың конкурстарына қатысу үшін беріледі. «КазАзот» акционерлік қоғамына аккредиттеу туралы куәлікті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2022 жылғы 11 қазанда берді.

17.10.2022

Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі