Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
TÉCNICAS REUNIDAS компаниясының делегациясы «КазАзот» зауытында болып қайтты
TÉCNICAS REUNIDAS компаниясының делегациясы «КазАзот» зауытында болып қайтты26 қазанда TÉCNICAS REUNIDAS (Испания) делегациясы «КазАзот» зауытына жұмыс сапарымен келіп кетті. Делегация құрамында бас менеджер Хосе Рамон Феррер, бизнесті дамыту жөніндегі менеджер Игнасио Рубио Соброн және Ресейдегі бизнесті дамыту жөніндегі басшысының орынбасары Артур Нигматулин болды. Сапардың мақсаты – біздің компанияға жаңа аммиак-карбамид кешенін салу бойынша өз қызметтері мен технологияларын ұсыну. TÉCNICAS REUNIDAS компаниясы тыңайтқыштарды, азот қышқылын және аммиак селитрасын өндіруге арналған технологияларды әзірлеуге және лицензиялауға маманданған. Кездесу басында испандық делегация өндіріспен танысты. Атап айтқанда, делегация ГПЭС және бейтараптау және булау бөлімінде болды. Өндіріспен танысқаннан кейін испандық делегация өкілдері өз технологияларының презентациясын жасап, сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында екі тарап алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт білдірді. «TÉCNICAS REUNIDAS сияқты компаниялардың барлық ұсыныстарын қарастыра отырып, біз кіммен жұмыс істейтініміз жөнінде оңтайлы шешім қабылдай алатын боламыз», - деп түсіндірді бас инженердің орынбасары Дауржан Жумабеков. 26.10.2022 Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі |