«КазАзот» АҚ бас директоры «Құрмет» орденімен марапатталдыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «КазАзот» АҚ бас директоры Арман Мәулешевтің «Құрмет» орденімен марапатталғанын қуана хабарлаймыз. Салтанатты марапаттау рәсімі Республика күні қарсаңында Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өткен мерекелік шарада өтті. Құрметті Арман Ахметжанұлы! Осы жоғары мемлекеттік марапатпен шын жүректен құттықтауымызды және шынайы көңілден шыққан ізгі тілегімізді қабыл алыңыз. «Құрмет» ордені – ел алдындағы қызметтеріңіздің бағалануы, қоғам игілігі жолындағы көп жылғы жемісті еңбектеріңізге берілген жоғары баға. Сізге бақыт, денсаулық, ұзақ өмір және ең батыл жобаларды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз! 24.10.2022 Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі |