Бүгін, 21 қыркүйекте Финляндия елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист бастаған делегация
«КазАзот» АҚ-ның зауытына жұмыс сапарымен келді.
Кездесуге Финляндияның Қазақстандағы елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист, "Business Finland" сауда комиссары Жәния Әділбек, Финляндия СІМ жанындағы сауда және инвестициялар жөніндегі кеңесші Оскари Лаукканен, "Tikkurila", "LAMOR CENTRAL ASIA", "Klinkmann" "Rodl and Partner Central Asia", «Nokia Solutions and Networks Kazakhstan», «Valmet Technologies Inc»
сияқты финляндиялық компанияларының өкілдері және т.б қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен перспективаларын, соның ішінде энергетика, экологиялық таза технологиялар, өнеркәсіпті автоматтандыру және электрлендіру, телекоммуникациялар, цифрландыру және білім беру салаларын талқылады.
«ҚазАзот» АҚ-ның бас директоры Арман Мәулешев өз сөзінде «ҚазАзот» АҚ-ның зауыты фин технологияларымен жұмыс істеудің көп жылғы тәжірибесі бар екенін атап өтті. Осылайша, 2017 жылы «ҚазАзот» АҚ-ы финдік Wartsila компаниясының технологиясы бойынша өзінің газ поршенді электр станциясын (ГПЭС) салды. Бұл компанияның 38,9 МВт қуаттылықтағы 4 қондырғысы ГПЭС-да орнатылды.
Өз кезегінде Финляндияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Соили Мякелайнен-Буханист ханым «ҚазАзот» пен фин компаниялары арасындағы серіктестіктің одан әрі дамитынына сенім білдірді.
21.09.2022
Источник: Пресс-служба