Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар «КазАзот» АҚ қызметкерлері World Cleanup Day акциясына қатысты

«КазАзот» АҚ қызметкерлері World Cleanup Day акциясына қатысты

17 қыркүйекте Дүниежүзілік тазалық күнін мерекелеу аясында «КазАзот» АҚ қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты. Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын қыркүйектің үшінші сенбісінде тойланады. Бұл күні қатысуға тілек білдірушілер сенбіліктерге, ағаш отырғызу науқандарына қатыса алады.

«КазАзот» АҚ қызметкерлері Автодромға апаратын тас жолдың бойындағы аумақты тазалаумен айналысты. Ол үшін қатысушылары құрал-саймандармен (күрек, тырма, қолғап және қоқыс қаптары) қамтамасыз етілді. Қоқыстарды жинау кезінде мүмкін болған жерлерде қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылды.

Акция «Біз таза қала үшін» ұранымен өтті. Зауыт жұмысшыларының басым көпшілігі қала тұрғындары болғандықтан, бұл сенбілік Ақтау қаласына  символикалық сый болды.

20.09.2022

Автор: Пресс-служба