Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар «КАЗАЗОТ»-та АММОНИЙ СУЛЬФАТЫН ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТТЕРДІ ҚАЙТА ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР ӨТТІ

«КАЗАЗОТ»-та АММОНИЙ СУЛЬФАТЫН ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТТЕРДІ ҚАЙТА ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР ӨТТІ

31 тамызда «КазАзот» акционерлік қоғамында «ҚазАзот» АҚ аумағында аммоний сульфатын өндіруге арналған технологиялық объекттерді қайта құру» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.

«КазАзот» АҚ азотты минералды тыңайтқыштарды өндіретін әрекеттегі кәсіпорын. Кәсіпорын басшылығы өндірілетін өнім түрлерін кеңейту мақсатында қазіргі уақытта осы технологиялық процесте пайдаланылмайтын бірқатар технологиялық аппараттарды пайдалана отырып, түйіршіктелген аммоний сульфатын өндіретін жаңа желіні іске қосу туралы шешім қабылдады.

Аммоний сульфаты – отандық химия өнеркәсібінің сұранысқа ие өнімдерінің бірі. Ол қара бидай, картоп, мақта, күріш, сұлы, қант қызылшасының өнімділігін айтарлықтай арттыруды қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады.

Қоғамдық тыңдауларда «ПИНАМ Групп» ЖШС мердігер ұйымының өкілдері жұртшылық өкілдері мен уәкілетті органдардың өкілдерін жұмыс жобасымен және қоршаған ортаға ықтимал әсері туралы есеппен таныстырды.

Төменде жобаны жүзеге асыруға қатысты негізгі аспектілердің қысқаша мазмұны берілген:

- Жобаланған отырған аммоний сульфатының өндірісі – күкірт қышқылын аммиак буымен бейтараптандырудың және кейіннен аммоний сульфаты ерітіндісін кептіру және түйіршіктеудің классикалық технологиясы болып табылады.

- Аммоний сульфатын дайындаудың технологиялық процесінде ағынды сулардың сыртқа тасталуы орын алмайды. Шырын бу конденсаты жабық циклде қайта пайдаланылады.

– Бүгінгі таңда «КазАзот» АҚ штаты 967 адамды құрайды. Технологиялық объекттерді қайта құру нәтижесінде аммоний сульфатын өндіру бойынша штаттық кестені кеңейту жоспарлануда. Осыған байланысты қосымша 20 жұмыс орны ашылатын болады.

- Жобада әрекеттегі кәсіпорын жағдайында, жұмыс істеп тұрған өндірістік ғимараттарда технологиялық нысандарды қайта құру қарастырылған, сондықтан қоршаған ортаның құрамбөліктеріне қосымша елеулі әсер болмайды.

Тыңдаулар барысында жұртшылық өкілдері мен мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсыныстары мен ескертулері назарға алынды.

31.08.2022

Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі