Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар "КазАзот" автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізеді

"КазАзот" автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізеді

"КазАзот" автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізеді

2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Қазақстан Республикасының Заңымен қолданыстағы экологиялық заңнамаға кәсіпкерлік қызметті жеңілдетуге және өндірістік экологиялық бақылау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 184-бабының 3-тармағына және 186-бабының 4-тармағына сәйкес I санаттағы объектілердің операторлары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі стационарлық көздерде қоршаған ортаға эмиссияларды автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатуға міндетті, бұл мәліметтерді нақты уақыт режимінде шығарындыларды бақылаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беруді қамтамасыз етеді және қоршаған ортаның шектен тыс ластануын болдырмайды.

Қолданыстағы экологиялық заңнаманы сақтау, атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту және Маңғыстау облысының жалпы экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «КазАзот» АҚ Маңғыстау облысының экология департаментімен бірлесе отырып, кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының шекарасында және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ЖЭО-2 ағызу арнасына теңіз суын қабылдайтын және шартты түрде таза суды ағызатын төрт су өткізгіште атмосфераға ластаушы заттардың максималды шығарындысын қамтамасыз ететін стационарлық көздерден шығарындыларының автоматтандырылған мониторинг жүйесін жобалау, орнату және іске қосу мәселесін пысықтады. Қазіргі уақытта шығарындылардың автоматтандырылған мониторинг жүйесін жобалау бойынша жұмыстар аяқталуда, іске қосу мерзімі 2022 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.

«КазАзот» АҚ объектісінде мыналар жоспарлануда:
- ГПЭС және ӘАҚ-дағы бес көзде шығарындылардың үздіксіз мониторингі
- СҚА-да атмосфералық ауа сапасының үздіксіз мониторингі
- Айналым суы сапасының үздіксіз мониторингі

«КазАзот» АҚ-да бір уақытта 50-ге дейін заттектерді бақылай алатын заманауи MIR FT газ анализаторы пайдаланатын болады.
Құрылғы HCl (тұз қышқылы), HF (фторид сутегі), NH3 (аммиак), NO (азот оксиді), NO2 (азот диоксиді), N2O (азот шала тотығы), SO2 (күкірт оксиді), CO (тұншықтырғыш газы), CH4 (метан), TOC (жалпы техникалық көміртегі), H2O (су), CO2 (көмірқышқыл газы), O2 (оттегі) сияқты заттектердің құрамын бір уақытта өлшеуге арналған және Фурье (ИК-Фурье) түрленуі бар инфрақызыл спектроскопия технологиясына негізделген.
MIR FT Ұлыбританияның қоршаған ортаны қорғау агенттігінің (MCERT) стандарттарына сәйкес сертификатталған.

 

26.08.2022

Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі