Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар «КазАзот»-та QazTrade қызметкерлерімен кездесуі өтті

«КазАзот»-та QazTrade қызметкерлерімен кездесуі өтті

24 маусымда «КазАзот» АҚ кәсіпорнында компания басшылығының QazTrade қызметкерлерімен кездесуі өтті. Біздің зауытқа «QazTrade» АҚ басқарушы директоры Айбек Сагынаев пен жобаларды дамыту департаментінің бас менеджері Нурсултан Сейтхалиев келді.

Кездесу барысында тараптар экспорттық әлеуетті іске асыру жоспарларын талқылады, қолданыстағы нарықтарды кеңейтуге және жаңа нарықтарды ашуға қызығушылық білдірді.

QazTrade өкілдері сонымен қатар QazTrade ұсынған экспорттаушы компанияларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларымен таныстырды. Мысалы, QazTrade халықаралық көрмелерде экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсетеді.

Осы ретте айта кетсек, «КазАзот» 2021 жылы Өзбекстандағы сауда-экономикалық миссиясы аясында бизнес-форумға қатысқан болатын. Форум Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен «Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бастамасымен шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында ұйымдастырылған еді.

24.06.2022