ШАҒЫН ФУТБОЛДАН АЛҒАШҚЫ KAZAZOT CUP ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ27 мамырда Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай шағын футболдан «ҚазАзот» кубогы турнирінің жеңімпаздары марапатталды. 1 орын алған «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС командасы кубок, сертификат және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Турнирдің үздік ойыншысы болып Мамиев Бекмұрад («Басқарма» командасы) танылды. Еске салайық, 2022 жылдың 14 мамырында Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орайластырылған мини-футболдан KazAzot Cup бірінші турнирі өтті. 12 қалалық және цехтық командалар кубокты сарапқа салды.
27.05.2022 Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі |