Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар «ҚазАзот» АҚ мың түп көшетті Ақтауға сыйға тартты

«ҚазАзот» АҚ мың түп көшетті Ақтауға сыйға тартты

«ҚазАзот» АҚ мың түп көшетті Ақтауға сыйға тартты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жериялады. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында және қаланы көгалдандыру бағдарламасы аясында «ҚазАзот» АҚ 1000 түп қылқан және жапырақты ағаш көшетін отырғызды.
Көгалдандыру жұмыстары Ақтау қаласы әкімдігінің және «Маңғышлақ тәжірибелік-ботаникалық бағы» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Қаланың жеті нүктесінде шығыс биотасының және ең биік айлантустың көшеттері отырғызылды.
«ҚазАзот» АҚ өңірдің климатын ескеріп, жасыл желектерді жүйелі түрде қосымша суаруды да ұйымдастырды.
– Ағаш отырғызу кезінде ең бастысы – уақытылы суару. Қаланың келбеті мен өңірдің экологиясына бей-жай қарамайтын Ақтау тұрғындарын былай қойғанда, көптеген мекеме жерімізде бәрі де өсетінін дәлелдеді. Ботаникалық бақ мамандары пальма ағаштарын өсіре алды. Балалар жылы аясында өскелең ұрпаққа «жасыл болашақ», яғни қылқан жапырақты және жапырақты ағаштардың 1000 көшетін сыйға беруді шештік. Егер тиісті күтім мен көңіл бөлінсе, көшеттер қала флорасының бір бөлігіне айналады. Бұл қаламыздың бұрынғы жасыл келбетін жаңғыртуға бағытталған ауқымды акцияның бастамасы болсын. Осы әрекетімізбен бүгінгі ұрпаққа да, болашақ ұрпаққа да табиғатпен достықтың үлгісін көрсетеміз деп сенемін, – деді «ҚазАзот» АҚ бас директоры Арман Мәулешев.
Айта кетейік, көшеттерді отырғызу барысын қала әкімдігінің, «Маңғышлақ тәжірибелік-ботаникалық бағы» және «GreenCity» ЖШС қызметкерлері бақылап отырды.
Сондай-ақ алғашқы жылы «ҚазАзот» АҚ қаланы көгалдандыру бағдарламасына сәйкес көшеттерді аптап ыстықтан аман сақтап қалу үшін қосымша суару мен күтімді ұйымдастырады. Алдағы уақытта ағаштар қала әкімдігі мен Ақтаудағы жасыл желектерді суаруға жауапты мекемеге тапсырылады.

01.06.2022

Автор: Маңғыстау-медиа