215 «ҚАЗАЗОТ» ЗЕЙНЕТКЕРІ АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТІН АЛДЫХимия өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында «ҚазАзоттың» 215 зейнеткеріне кәсіпорыннан әлеуметтік азық-түлік себетін табыс етті.«ҚазАзот» АҚ өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, қарттарға тұрақты негізде қолдау көрсетуде.Кәсіпорын қызметкерлері азық-түлік себеттерімен бірге зейнеткерлерді келе жатқан кәсіби мереке – Химик күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық, көтеріңкі көңіл-күй тіледі. Өз кезегінде зейнеткерлер «ҚазАзот» кәсіпорнының қызметкерлерін күлімдеп, алғыстарын айтып, ізгі тілектерін білдірді.Зейнеткерлер «ҚазАзот» кәсіпорнының басшылығы мен ұжымына көңілдері мен қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді. Олар кәсіпорынның ісіне қызығады, әріптестеріне салем айтып, компанияның гүлденуіне тілектестік білдіреді.26.05.2022 Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі |