Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар «КАЗАЗОТ» АҚ АММИАК СЕЛИТРАСЫНЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТТІ

«КАЗАЗОТ» АҚ АММИАК СЕЛИТРАСЫНЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТТІ

Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша «КазАзот» акционерлік қоғамы (АҚ) басшылығының қатысуымен кеңес өтті. 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы егіс маусымының соңына дейін субсидияланатын минералды тыңайтқыштарды алатын отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жеңілдік беру туралы шешім қабылданды. Бұл кәсіпкерлер үшін аммиак селитрасының құны тоннасына 199 920 теңгеден 160 160 теңгеге дейін төмендеді.

«Күрделі геосаяси жағдайға, құнсыздану мен әлемдегі жалпы жағдайға қарамастан және зауыт жабдықтарының тозуына байланысты үлкен инвестициялар қажеттіліктеріне қарамастан, біз ауыл шаруашылығы саласына тартылған жерлестерімізге жеңілдік жасауды жөн көрдік. Қазіргі нарықтық жағдай, сондай-ақ елдің ауыл шаруашылығы саласының осалдығы азық-түлік құнына тікелей әсер етуі мүмкін. Осыны негізге ала отырып, биылғы егіс маусымы кезеңіне субсидияланатын минералды тыңайтқыштардың бағасын төмендеттік. Аммиак селитрасын сатып алатын өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін баға өзгеріссіз қалады – жасалған келісім-шарттар аясында сақталады», - деп түсіндірді «КазАзот» АҚ Бас директоры Маулешев Арман Ахметжанович.

IFV_9405

17.03.2022

Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі