Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар «КАЗАЗОТ» АҚ «КАСПИЙ» ФК-ның РЕСМИ ДЕМЕУШІ БОЛДЫ

«КАЗАЗОТ» АҚ «КАСПИЙ» ФК-ның РЕСМИ ДЕМЕУШІ БОЛДЫ

Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасын жалғыз өндіруші «КазАзот» АҚ 2022 жылға «Каспий» клубымен келісімшартқа отырып, Ақтау «Каспийінің» ресми демеушісі болды. Бүгін клуб директорының міндетін атқарушы Алибек Сакенович Урузгалиев пен «КазАзот» АҚ-ның Бас директоры Арман Ахметжанович Маулешев Келісімге қол қойды.

«Біз көптеген жанкүйерлері бар «Каспий футбол» клубымен ынтымақтастығымыз туралы қуана хабарлаймыз. Клубтың қатарында бола отырып, кез келеген алаңда  өзіміздің «Каспийге» қолдау көрсететін боламыз. Егер біз, «КазАзот» өз саласы бойынша еліміздегі үздіктердің қатарында болсақ, «Каспий» де кем дегенде Қазақстанның ең үздік футбол клубтарының ТОП-3-іне кіреді деп сенеміз!», - деді «ҚазАзот» АҚ Бас директоры Арман Ахметжанович Маулешев.

Дегендей-ақ, Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының бірінші турындағы алғашқы ойынында Ақтаулық «Каспий» «КазАзот» АҚ-ның брендингімен ойнаған болатын. Петропавлдың «Қызыл-Жар» футбол клубымен өткен ойын «каспийліктердің» өз алаңында өтті, біздің команда 0:1 есебімен жеңіске жетті.

AftbMYPPQzk_1

«Біз Маңғыстау облысында футбол мен спортты дамыту үшін өте маңызды болып табылатын осындай қиын кезеңде көрсеткен қолдауы үшін «КазАзот» АҚ-на алғыс айтамыз! Біздің ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа айналатынына және бірге үлкен жеңістерге, ең бастысы, жанкүйерлерімізді қуантатынымызға сенімдіміз», - деді Алибек Сакенович Урузгалиев.

Ақтау клубының келесі ойынын ертең, 11 наурыз күні сағат 14:00-де «Жас қанат» стадионында (12 шағын ауданы) Қостанай «Тоболымен» өткізетін болады.

photo1646903850

 

05.03.2022

Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі