«КАЗАЗОТ» АҚ 380 МЫҢ ТОННА АММИАК СЕЛИТРАСЫН ӨНДІРДІ«КАЗАЗОТ» АҚ 380 МЫҢ ТОННА АММИАК СЕЛИТРАСЫН ӨНДІРДІ
2021 жылы кәсіпорын аммиак селитрасын өндіруді 2020 жылмен салыстырғанда 17%-ға арттырды. 2021 жылдың 12 айында аммиак селитрасының өндірісі 380 711 тоннаны құрады (2020 жылдың 12 айында – 325 247 тонна). Бұл өсім әрекеттегі өндіріс қуатын үздіксіз жаңғыртумен байланысты. Өндіріс көлемін 400 мың тоннаға дейін жеткізу 2022 жылғы жоспарда бар. Сонымен қатар «КазАзот» акционерлік қоғамы аммиак өндірісін 218 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Өткен жылы кәсіпорын 217 071 тонна аммиак өндірген болатын (2020 жылы 189 832 тонна). 21.01.2022 Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі |