Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Баспасөз хабарламасы ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА «КАЗАЗОТ» АҚ-НЫҢ ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ САУДАСЫ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА «КАЗАЗОТ» АҚ-НЫҢ ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ САУДАСЫ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА «КАЗАЗОТ» АҚ-НЫҢ ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ САУДАСЫ ӨТТІ.

2021 жылдың 10 желтоқсанында «КазАзот» АҚ-ның жай акцияларын сатып алу бойынша арнайы мамандырылған сауда-сатығы өтті. Белсенді өтінімдердің көлемі 85 000 жай акцияны құрады. Ұсынылған өтінімдер бойынша орташа өлшемді баға 788 858,82 теңгені құрады.

Сауда-саттық нәтижесінде акционерлік қоғамның жай акцияларының 85%-ын «Kazakhstan Petrochemicals» ЖШС сатып алды, 15%-ы бұрынғы иесі – Бахаридин Аблазимовта қалды. «Joint Resources» АҚ (100% Тимур Қулибаевқа тиесілі), Динмухамед Идирисов және Ержан Достыбаев өз акцияларын осылайша сатқан.

Сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсан айының соңында «КазАзот» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Жаңа құрамға сайланғандар: Б.Н. Аблазимов - директорлар Кеңесінің мүшесі, директорлар Кеңесінің төрағасы, Р.Р. Аязбаев - директорлар Кеңесінің мүшесі, К.О. Исказиев - директорлар Кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, К.Н. Ибрашев - директорлар Кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, А.А. Маулешев - директорлар Кеңесінің мүшесі.

Енгізілген өзгерістерді ескергендегі «КазАзот» АҚ директорлар Кеңесі бес адамнан тұрады.

17.01.2022

Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі