Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

30 жыл бұрын бұл мереке жаңа егеменді және тәуелсіз республикамыз – Қазақстан мемелекетінің қайта дүниеге келгенін белгілеп өтті. Осындай қысқа тарихи кезеңде біз, қазақстандықтар, ортақ күш-жігердің арқасында демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алдық.

Өнеркәсіп саласы мемлекетіміздің дамуына орасан зор үлесін қосты. Дәл өнеркәсіп өндірісі жас елімізді көрші жатқан мемлекеттермен қарым-қатынастың жаңа деңгейіне көтеріп қана қоймай, әлемдік қауымдастықта өз орнын нығайтуға да мүмкіндік берді.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде біздің кәсіпорынымыз «КазАзот» АҚ жалпы тұрғыда Қазақстан сияқты күрделі қалыптасу жолынан өтті және бүгінде біз еліміздегі аммиак пен аммиак селитрасын өндіретін бірден-бір өндірушіміз. Біз Қазақстан аумағында ғана емес, шетелде де танымал болдық. Мұның барлығы компаниямыздың әрбір қызметкерінің еңбегі!

Осы атаулы күні Сіздерге зор денсаулық, амандық және тұрақтылық тілеймін! Үйіңізде әрқашан бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнасын. Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Ізгі тілектермен,
«КазАзот» АҚ бас директоры Маулешев А.А.

15.12.2021

Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі