Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар Тәуелсіздік жылдары Маңғыстау облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,0 млн.теңгеден 2,6 трлн. теңгеге дейін ұлғайды

Тәуелсіздік жылдары Маңғыстау облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,0 млн.теңгеден 2,6 трлн. теңгеге дейін ұлғайды

Тәуелсіздік жылдары Маңғыстау облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,0 млн.теңгеден 2,6 трлн. теңгеге дейін ұлғайды

Тәуелсіздік жылдары Маңғыстау облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,0 млн.теңгеден 2,6 трлн. теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 3,0 млн.теңгеден 183 млрд. теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысы - пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мұнай мен газ болып табылатын өнеркәсіптік өңір. Өткен 2020 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау өңірі өнеркәсіптік өндіріс көлемі жағынан республикада үшінші орынды межеледі.

Мұнда еліміз бойынша өндірілген мұнайдың 23%-ы, табиғи газдың 5,5%-ы, азот минералды тыңайтқыштар өндірісінің 85%-ы, кокс пен битум өндірісінің 25%-ы, бор мен доломиттің 25%-ы, портландцементтің 8,0%-ы, өндірілетін электр энергиясының 4,5%-ы шоғырланған.

Өңірде шикі мұнайдың негізгі үлесін өндіретін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясының филиалы, «Тоталь Е энд П Дунга ГмбХ» компаниясы, «Кен-Сары» ЖШС сияқты барлығы 25 мұнай өндіруші компания жұмыс істейді.

Индустрияландырудың 10 жылы ішінде облыстың өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2010 жылы 3,7% - болса, 2021 жылы 6,5% - ға дейін өсті.

Тәуелсіздік жылдары өңірде өңдеу өнеркәсібінде 30-дан астам ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды. Соның ішінде Маңғыстау облысы экономикасының  дамуына зор үлес қосқан кәсіпорындардың бірі - «ҚазАзот» АҚ. Ол Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасын өндіретін жалғыз зауыт. Кәсіпорын отандық экономиканың азотты минералды тыңайтқыштарға деген сұранысын толық қанағаттандыра алады.

«ҚазАзот» АҚ өндірістік қуаты: жылына 330 мың тонна аммиак селитрасы, 200 мың тонна сұйық аммиак, 360 мың тонна азот қышқылын өндіру.

2012-2016 жылдары индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде зауытты жаңғырту жобасының 1 және 2-кезеңдері іске асырылды, оның нәтижелері бойынша зауыттың негізгі жабдықтары жаңғыртылды, озық технологиялар енгізілді. Жеке газ поршеньді электр станциясы пайдалануға берілді. Бүгінде зауытты жаңғыртудың 3 кезеңі жалғасуда.

Өндірістің басым бөлігі ауыл шаруашылығы секторына және Қазақстан нарығындағы тау-кен жұмыстарының қажеттіліктеріне жеткізіледі. Қалған бөлігі шетелге, негізінен Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Украина, сондай-ақ Шығыс Еуропаға экспортталады.

Мәселен, биыл қаңтар-қыркүйекте кәсіпорын 80,8 мың тонна аммиак селитрасын экспорттады.

Зауыт биыл қаңтар-қазан аралығында 761,6 мың тонна өнім өндірді. Бүгінгі таңда зауытта 1200-ден астам адам жұмыс істейді.

-Маңғыстау облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша 2021 жылдан бастап 2025 жылға 250 млрд.теңгеден астам сомаға  27 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл 2000-нан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров.

17.11.2021

Автор: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі