Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтіп жатқан «Туған елге тағзым» экспедициясының қатысушылары еліміздегі ең ірі аммиак қышқылын өндіретін "КазАзот" мекемесінің жұмысымен танысты. Балалар зауыт ішін аралап, селитра алу процесін тамашалады.
⠀
Зауыт қызметкерлері балаларға өндіріс орнын аралатып, әр процессті түсіндіріп берді. Заманауи химиялық технологияларды меңгеру процесстері және өндірілетін өнімдер туралы да молынан деректер айтылды. Оқушылар өндіріс орнындағы реагендерді теориялық тұрғыдан сабақ барысында өтсе, экспедиция арқасында өнімдерді өз көздерімен көрді.
⠀
- «Туған елге тағзым» экспедициясы аясында «КазАзот» мекемесінің жұмысымен танысқаныма қуаныштымын. Өйткені бұл өңірде ғана емес Қазақстан, жалпы әлем бойынша аммиак өндіруде алдыңғы орында тұрған компаниялардың бірі. Маңғыстау өңірінде шет елге экспортталатын өнімдерді көру біз секілді жастарға серпін береді деген ойдамын, - дейді сапарға аттанған Қанат Сақпаев.
⠀
«Туған елге тағзым» тарихи-өлкетану зерттеушілер экспедициясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰҰ бастамасымен жыл сайын өткізіліп келеді. Экспедицияның басты мақсаты –зияткерлердің туған елге сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беріп қана қоймай, Қазақстанның өндірістік әлеуетін таныту және балаларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыттау. Биылғы экспедицияға Ақтау қаласынан 40 оқушы қатысып жатыр. Экспедиция барысында оқушылар түрлі тарихи орындарды аралап, Маңғыстау өңірінің индустриялық мүмкіндіктерімен танысады.
03.11.2021
Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі