Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

​«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек іс-сапармен Маңғыстау облысына келді. Жұмыс барысында «КазАзот» кәсіпорнында болып, партия мүшелерімен кездесті.

«КазАзот» зауыты - бұл қазақстандық ауыл шаруашылығымен айналысушылар минералды тыңайтқыш ретінде кеңінен пайдаланатын аммиак пен амииак селитрасын өндіретін еліміздегі жалғыз кәсіпорын. Оның қызметі Ауыл шаруашылығын дамыту үшін озық технологияларды енгізумен тікелей байланысты. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру үшін жобалық қуатын жылына 400 мың тонна минералды тыңайтқышқа дейін ұлғайта отырып, зауытты жаңғырту жоспарлануда.

«Мен кәсіпорын ұжымына Елбасы бастамашылық еткен «bizbirgemiz» республикалық акциясына қатысқаны үшін ризамын. Пандемия кезінде «КазАзот» қызметкерлері облыстың ауруханалары мен стационарларында оттегі баллондарын толтыруды қамтамасыз етіп, өз үлестерін қосты», - деп атап өтті Б.Байбек.

15.10.2020