"Нұр Отан" "КазАзот" жұмысымен таныстыАғымдағы жылдың 8 қазан күні “Nur Otan” партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты А.Шамшадинова, партия жанындағы Ақтау Партиялық Бақылау Комиссиясы, Сыбайлас Жемқорлыққа Қарсы Кеңес, қалалық мәслихат депутаттары және партия қызметкерлері “Nur Otan” партиясы Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының іске асыру жөніндегі жол картасының орындалысы бойынша қала аумағында “жаңа жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды іске асыру” бағыттары аясында III, IV тоқсанында атқарылған жұмыстар қаралды.Бекітілген жол картасына сәйкес Ақтау қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың сапасын бақылау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізді.“"КазАзот" АҚ минералдық тыңайтқыштарды өңдеу зауытын жаңғырту 2021 жылдың желтоқсан айында бітуі тиіс. Құрылыс жұмыстары уақытында аяқталып, нысан қолданысқа тапсырылады,-дейді жауапты "ҚазАзот” АҚ мекеме өкілі.Толық ақпаратты төменде көрсетілген сілтеме арқылы оқи аласыздарhttps://www.facebook.com/100022520781375/posts/1043035379790478/?d=n13.10.2021 Автор: “NurOtan” партиясы Ақтау қалалық филиалының баспасөз қызметі |