Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар «КазАзот» АҚ әлеуметтік бейнероликтер үшін ең үздік сценарий байқауына демеушілік жасады

«КазАзот» АҚ әлеуметтік бейнероликтер үшін ең үздік сценарий байқауына демеушілік жасады

«КазАзот» АҚ әлеуметтік бейнероликтер үшін ең үздік сценарий байқауына демеушілік жасады

 

Әлеуметтік бейнероликтерге арналған ең үздік сценарий байқауы Astana Media Week-2021 медиа апталығының аясында өтті. Оған бүкіл Қазақстан бойынша 20 автор қатысты. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды, ал олардың сценарийі бойынша республикалық «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарының эфирінде көрсетілетін бейнероликтер түсірілетін болады.

«КазАзот» акционерлік қоғамы іс-шараның демеушісі болды. Бас директордың орынбасары Айжан Балабатырова «Экология» санаты бойынша үздік сценаристке 1 000 000 теңге көлеміндегі сертификатты табыстады.

Айжан Балабатырова, «КазАзот» АҚ бас директорының орынбасары:

- Біз үшін экология мәселесі өте маңызды, өйткені біз химиялық компания болып табыламыз, сондықтан біз жаңа тенденциялар мен экологиялық нормативтерді үнемі қадағалап отырамыз. Біз өндірістік қуаттылықтарды жаңғыртуға өте үлкен көлемдегі капиталдық инвестицияларды жұмсаймыз , бұл өз кезегінде қоршаған ортаға әр түрлі шығарындыларды да төмендетуге мүмкіндік береді.

04.10.2021

Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі