Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Жаңалықтар «КазАзот»АҚ жаңадан бас директоры тағайындалды

«КазАзот»АҚ жаңадан бас директоры тағайындалды

Біздің кәсіпорындағы шілденің ең басты жаңалығы – жаңадан бас директордың тағайындалуы.  Бас директор болып  бұрын  «Матен Петролеум» АҚ басқарушы директоры лауазымын атқарған  Арман Ахметжанович Маулешев  тағайындалды.

Арман Ахметжанович Маулешев 1981 жылғы 23 қаңтарда дүниеге келген. Білімі жоғары, Т.Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университетін және Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін тәмамдаған.  Арман Ахметжанович  Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік мүнай және газ университетінде оқып, ББМ (бизнесті басқару магистрі)  академиялық дәрежесін алған.  

Арман Ахметжанович еңбек жолын 2003 жылы «ӨзенМұнайГаз» АҚ  бастаған, яғни, қыртысты қысымды қолдау цехының операторынан ресурстарды мониторингтеу  бөлім бастығына дейін қол жеткізген.

2006 - 2012 жылдары «Арнаойл» ЖШС логистика, маркетинг және сапа жөніндегі өкілдіктің директорының орынбасары лауазымын атқарған.   

2008 - 2012 жылдары «ОрдабасыМұнайГаз» АҚ коммерция жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеген.

2012 - 2018 жылдары - «Матен Петролеум» АҚ  мұнайды өткізу және логистика жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі.  

2015 жылдан бастап «Ойл Препорейшн Терминал» ЖШС бас директоры лауазымын атқарған.    

2018 жылғы 2 шілдесінен бастап  «КазАзот» АҚ  жұмысқа кіріскен.

Үйленген, 5 баласы бар.

25.05.2018

Источник: "КазАзот" АҚ

Автор: Баспасөз орталығы