Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Баспасөз хабарламасы «КАЗАЗОТ» АҚ БЕЙТАРАПТАУ ЖӘНЕ БУЛАНДЫРУ БӨЛІМІН ІСКЕ ҚОСТЫ

«КАЗАЗОТ» АҚ БЕЙТАРАПТАУ ЖӘНЕ БУЛАНДЫРУ БӨЛІМІН ІСКЕ ҚОСТЫ

«КАЗАЗОТ» АҚ БЕЙТАРАПТАУ ЖӘНЕ БУЛАНДЫРУ БӨЛІМІН ІСКЕ ҚОСТЫ.

 

Бейтараптау және буландыру бөлімінің ашылуы 13 мамырда өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, «КазАзот» АҚ директорлар кеңесінің Төрағасы Бахаридин Аблазимов және «КазАзот» АҚ Бас директоры Арман Маулешев қатысты, деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі.

 

Бейтараптау және буландыру бөлімінің (БжББ) құрылысы 2020 жылдың екінші тоқсанында басталған болатын. Бас жобалаушы ретінде «OPTIMUM» Жобалау Институты» ЖШС болды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын «Маңғыстау-Имсталькон» ЖШС, «Энергомашстрой» ЖШС және «Күзет технологиялары және АБЖ ТҰ» ЖШС жүргізді. Жобаны жүзеге асыруға 200-ге жуық адам қатысты. Жобаның жалпы құны 6,4 млрд теңгені құрады. Жоба «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша (Басым жобаларды несиелендіру механизімі бойынша) «Банк Центр Кредит» АҚ-мен, сондай-ақ жобаның бастамашысы ретіндегі «КазАзот» АҚ-ның жеке қаражаты есебінен қаржыландырылды.

 

«КазАзот» АҚ Бас директоры Арман Маулешев аталмыш жобаның артықшылықтарына тоқталды.

- Бейтараптау және буландыру бөлімі - бүкіл Қазақстанда теңдесі жоқ бірегей жоба екені сөзсіз. Жаңа бөлім атмосфераға шырын буының шығуын толығымен жояды, бұл Маңғыстау облысының экологиясына оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ шырын буының атмосфераға шығуын болдырмау, дәлірек айтсақ, оны технологиялық процеске қайтару кәсіпорынның өнім көлемін 20 пайызға арттыруға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді кәсіпорын басшысы Арман Маулешев.

13.05.2022

Автор: "КазАзот" АҚ баспасөз қызметі