Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Баспасөз орталығы Фото БІР ЖАСЫҢМЕН, АЛТЫ АЛАШ!

БІР ЖАСЫҢМЕН, АЛТЫ АЛАШ!

Қазақ халқының төл мерекесі Наурыз  мейрамы – көне заманнан бері келе жатқан жыл бастау мейрамы. Бұл кезде жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады. Әз-Наурызда бүкіл әлемде қуаныш, шаттық және бейбітшілік орнайды. «ҚазАзот» АҚ қызметкерлері жаңа жылды 14 наурыздан, көрісуден, бастап тойлайды. Наурыз көжесін үйден пісіріп әкелген қызметкерлер дастархан жайып, әріптестерін қонаққа шақырды. Бір-бірімен көрісіп, бір жасымен құттықтап, жақсылық тіледі.

Көрісу (Амал мерекесі деп те аталады) – Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, бір-бірін қонаққа шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді.

14.03.2018