Оформить заказ
Закрыть Сіздің тапсырысыңыз қабылданды! Жақын арада Сізбен хабарласамыз.
Закрыть Қате

Тағы бір рет тапсырыз беріңіз

Закрыть

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС

* - міндетті түрде толтырылады

Сіз робот еместіңізді растап, төменде қанат белгісін қойыңыз

Өнімнің сипаты

Сыртқы түрі

Аммиак (сутегі нитриді, NH3) — NH3 формуласы бар химиялық қоспа, қалыпты жағдайларда – өзіне тән өткір иісі бар түссіз газ.

Аммиактың 10 % сулы ерітіндісі мүсәтір спирті ретінде белгілі.

Техникалық сұйық аммиак – минералды тыңайтқыштарды және құрамында азот бар көптеген өнеркәсіптік заттектерді өндірудегі негізгі шикізат болып табылады. Ол химия өнеркәсібінің негізгі өнімдерінің бірі болып табылады. Оның дүниежүзілік жыл сайынғы өндіріс көлемі – 180 млн. тоннадан асады.

Қолдану

Тыңайтқыштар өндірісі (аммиак селитрасы, аммофос, карбамид және т. б.)

Заманауи ауыл шаруашылығы технологияларындағы дербес сұйық азотты тыңайтқыш

Азот қышқылы және химиялық полимерлер өндірісі

Көптеген қоспалар үшін химиялық ерітінді болып табылады

Медицинада және тау-кен өнеркәсібінде қолданылатын сулы аммиак ерітінділерінің өндірісі

Біз өндіретін аммиак жоғарғы сортты МЕСТ 6221-90 стандартына сәйкес келеді.

 

МЕСТ 6221-90 Аммиак сұйытылған сусыз. Condensed anhydrous ammonia Стандарт өнеркәсіптің түрлі салаларында және ауыл шаруашылығында қолданылатын сұйытылған сусыз аммиакқа қолданылады және халық шарушылығы мен экспорт үшін дайындалатын сұйытылған сусыз аммиакқа қойылатын талаптарды белгілейді.

МЕСТ бойынша аммиактың техникалық сипаттамалары


 

Аммиакты қауіпсіз сақтау және тасымалдау

Аммиак қауіпті заттектерге жатады, және оны сақтау және тасымалдау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамау аммиактың төгілуіне, сөйтіп адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан біздер аммиакты өндіріс аумағынан өз күштерімен алып кетуді ұсынбаймыз, оның тұтынушыға дейін жеткізіп беруді өзіміздің өндірістік циклымыздың ажырамас бөлігі деп есептейміз.

Аммиак өндірушілері ретінде біздер амииакты сақтауда және тасымалдауда барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қадағалаймыз. Біздің темір жол цистерналарымыз сертификатталған және жүйелі түрде міндетті тексеруден өтеді.

   

ӨНІМГЕ ТАПСЫРЫС